Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҚазақстанда ғалымдарға арнап Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалады. Бұл туралы бүгін ҚР Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Мен ғылыми зерттеу мен инновация енгізудегі жетістігі үшін ғалымдарға арнап Әл-Фараби атындағы сыйлықты тағайындауды тапсырамын. Ол жыл сайын жеті номинация бойынша беріледі. Бастапқыда оның көлемі 100 мың доллар болады, әрі қарай біз оны көбейтетін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.
Ол мемлекеттің міндеті ғылым әлеуетін аса өзекті экономикалық міндеттерді жүзеге асыруға бағыттау екеніне тоқталды. «Жобалар тақырыптарын таңдауда негізгі критерий форсайт-зерттеулер, экономиканың нақты секторынан түскен тапсырыстар болуы қажет», - деді ол.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді