Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіЖалпы жұмыс өтілі 89 жыл
Кейде кәсіптің өзі адамды таңдайтыны кездеседі екен. Оспановтардың отбасының авиациямен байланысты болуын аспанның өзі алдын ала шешіп қойған сияқты.
Сонау 1963 жылы аспанның шексіз, шетсіз кеңістігі Тәжі Момынжанқызы Оспанованы өзіне тартқан еді. Осылайша, Өскеменнің әуе тасымалдау ұйымының авиа отряд қызметінің құрамында оның бұлтпен таласқан мансабы басталды. Әйелге тән емес кәсіп оны еліктіріп әкетті. Аспан таңдаулыларды өзіне тартады. Тәжі Момынжанқызының ұлы – Ербол Оспановтың қызметтік тізімі осының дәлелі бола алады. Ол кеңестен кейінгі кезеңде алғашқы болып, Боинг-747-ні меңгерді, 1992 жылы асқан шеберлігі үшін ерекше құрметке ие болып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұшағының экипажын басқарды.
Аспан батыл жүректі, өзінің қиын да қауіпті кәсібін беріле сүйген адамдар үшін құшағын жайып, нағыз батырларды тәрбиелейді. Мінеки, Оспановтардың қанатты әулетінің үш бірдей ұрпағы өз тағдырын аспанға ұмтылған күміс қанатты ұшақсыз елестете алмайды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік