Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді«Еуровидение-2013» байқауында бірінші орын алған даниялық әнші - Эммели де Форестті плагиатпен шұғылданды деп айыптауда. Атап айтқанда оның әйгілі байқауда орындаған әні K-Otic тобының 2002 жылы жазылған "I Surrender" композициясының көшірмесі екені жария болып жатыр, деп хабарлайды Росбалт.
Журналистер Эммели орындаған "Only teardrops" әнінің кей тұстары "I Surrender" әнінің қайырмасына өте ұқсас екенін айтуда.
Эммелидің өзі болса әзірше бұл туралы мәлімдеме жасаған жоқ.
K-otic — 2000 жылы құрылып, 2003 жылы тарап кеткен даниялық топ. 7 адамнан тұратын топ Starmaker телебағдарламасы аясында құрылған болатын.
Аталған екі ән назарларыңызға ұсынылып отыр. Салыстырып көрулеріңізге болады.
Baq.kz
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік