Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыПәкістанда Әділеттілік үшін қозғалыс партиясының қайраткері Захра Шахид Хусейн сенбі күні қастандық құрбаны болды. Полицияның хабарлауынша, Карачидегі үйінің жанында әлдекімдер басынан атып кеткен саясаткер әйел ауруханаға жеткізілгенше жан тапсырған.
Танымал спорт жұлдызы Имран Хан жетекшілік ететін Әділеттілік үшін қозғалыс партиясының талабы бойынша Карачидегі бірқатар округтерде жексенбі күні қайта дауыс беру белгіленген еді. Саяси партия бұған дейін мамырдың 11-і күні өткен парламент сайлауында бұрмалаушылықтар мен сайлаушыларды қорқытып-үркіту көп болды деп мәлімдеген. Ол жолғы дауыс беру нәтижесінде Карачиден сайланған орындардың көбіне Бірлескен ұлттық қозғалыс ие болғаны хабарланды.
Ел президенті Асиф Зардари саясаткер Захра Шахид Хусейнге жасалған қастандықты айыптады. Жексенбі күнгі сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Пәкістан билігі Карачидегі сайлау учаскелерінде күзетті күшейтті.
Азаттық.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді