Астанада шемішке шаққаны үшін екі күнге қамалды

Астанада шемішке шаққаны үшін екі күнге қамалды

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Астанада қоғамдық орында шемішке шаққаны үшін екі күнге қамауға алынды, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.

 

«СҚО-ның 21 жасар тұрғыны 17.00 сағаттар шамасында қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол ҚР ӘҚБтК 330 б. 1 т. бойынша қамауға алынды», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

ІІД мәлімдеуінше қоғамдық тәртіпті бұзған азаматқа сот үкімімен 2 күндік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Одан басқа темекі тұқылын көшеге тастағаны үшін 1984 жылғы азамат 1 тәулікке қамалды. К. деген азамат та қоғамдық орында дәрет сындырғаны үшін 1 тәулікке қамалды.

ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2 күнде (14-15 мамырда) Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты  барлығы 61 материал қарап, олардың 12-не әкімшілік қамау шарасы қолданып, 49-на 3 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынған.

1 АЕК= 1731 теңге.

Оқи отырыңыз

{