Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҚазақстан Республикасы мұғалім-филологтардың Съезін өткізу тілдік және әдеби білім берудің қазіргі жай-күйін зерделеуге, қазіргі педагогикалық амалдар мен оқушылардың білім алудағы қажеттіліктеріне сәйкес оны жетілдірудің тетіктерін анықтауға бағытталған.
Бұл жиында қазіргі қоғамда филологиялық білім берудің өзекті мәселелері, қазақстандық білім беруді жаңғыртудың контексіндегі тіл мен әдебиетті оқытудың басым міндеттерін белгілеу, білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді оқытудың мазмұны мен формасын жетілдірудің мәселелерін қарастыру көзделген.
Сонымен қатар онда филолог-мұғалімдердің, жаңашыл-мұғалімдердің тәжірибелерін насихаттау, көптілді білім беру шеңберінде жаңа буын мұғалімдерін даярлау мәселелерін талқылау, Қазақстан Республикасында тіл мен әдебиетті оқытудың сапасын арттыру жолдарын анықтау тұрғысында ұсыныстар енгізілмек.
Съезге филолог-мұғалімдер, ғалымдар, білім мен ғылымның жетекші қайраткерлері, білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі жаңашыл-педагогтар, білім беруді басқару, тілдерді дамыту органдарының, кітапханалық жүйенің жетекшілері мен қызметкерлері, ҚР БҒМ-ға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оқу орындарының, «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалдарының өкілдері қатысады.
Baq.kz
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді