Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді2014 жылы Сочиде өтетін Қысқы Олимпида ойындарына қатысатын Қазақстан спортшыларының Ұлттық құрамасына әсем безендіріліп, көркем тігілген салтанатты киім үлгісін ұсынған жеңімпазға аталған Олимпиадаға баруына қос бірдей жолдама берілмек. Киім үлгісін ұсынушылар арасындағы бәсеке бүгіннен басталып, ашық түрде жұмыс жүргізуде.
Байқауға еліміздің кез-келген азаматы қатыса алады, - деп атап өтті Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов. «Арнайы комиссия үш киім үлгісін таңдап алады. Ал олар кейін үздік атануы үшін ғаламтор арқылы дауысқа салынады. Міне, сол кезде көптің таңдауымен ең тамаша үлгі анықталатын болады» деді ол.Байқаудың алғашқы кезеңі 27 мамырда аяқталады. Инетернет-дауыс беру үш күнге созылып, 30 мамырда мәресіне жетпек. Ал олимпиадалық киім үлгілерінде ескерілуі тиіс 30-дан астам шарт-талаптар енгізілген. Іріктеліп алынған киім үлгісін тігумен әлемнің жетекші компниясы айналысады.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Лондан Олимпиадасына қатысушылардың киім үлгісінің толық бір жинағы 300 мың теңгеге бағаланған болатын. Ал Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында өткізіледі. Бүгінде Олимпиаданың жанкүйерлері үшін бір кісілік он күндік пакет құны 10 мың доллар шамасында болып тұр.
Baq.kz
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік