18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?
Америкалық пастор Скотт Морган Вирджиния штатындағы шіркеулердің бірінде Құран аяттарын оқыту туралы бастама көтеріп, өз бастамасын өзі бастап кетті, деп хабарлайды muslim.kz.
Пастор шіркеу қызметкерлеріне әуелі аяттардың мәнін түсіндіріп, сырын ашып берген. Бұған қоса, америкалық телеарналар оның аяттарды түсіндірген кезін түсіріп алып, эфирге шығарған.
«Америкалықтар маңызды деп есептейтін зорлық-зомбылық пен әйелдерге қатысты екі тақырыпты таңдап алдым», – деген ол исламның мұсылман емес өзге наным-сенім өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салғанын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өнегелі өмірі мен өсиетінен мысалдар келтіре отырып, исламның бейбітшілікті ту еткен дін екеніне көрермендердің көзін жеткізгендей болды. Ал әйелдер тақырыбына келсек, ол ақжаулықтылардың қоғамдағы орны мен мәртебесіне қатысты бірнеше аятты оқып берді.
Пастордың аят оқыған кезін көрерменге ұсынған телеарна америкалық шіркеулерде мұндай тәжірибенің бұрыннан бар екенін де айтып кетті. Чикагода қолға алынған бұл бастама христиан жамағатына жағымды әсер етіп, оң нәтиже көрсетсе керек.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр