Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБиылғы жылы күзде АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қалашығында әлемдегі бірегей кітапсыз кітапхана есігін айқара ашпақ. Онда шаң басқан дәстүрлі кітап сөрелері болмайды, деп хабарлады Решето.ру әдеби порталы.
«BiblioTech» деп аталатын жаңа кітапханада кітаптарды «электрондық букридерлер» алмастырады.
Бұл жаңалыққа жергілікті судья Нэльс Вульф бастамашы болды. Ол атақты ««Apple» корпорациясының бұрынғы басшысы Стив Джобстың ғұмырнамасын оқығаннан кейін осы жобаны жасады. Әуелі «электрондық кітаптарды» оқу үшін кітапханада жүз букридер болады. Гаджеттерді аз уақытқа үйге алып кетуге де рұқсат етіледі. Егер сізде көшіру құрылғысы болса, қажетті кітапты өзіңізге жүктей аласыз.
Мұнда балаларды да қағыс қалдырмаған. Олар үшін ойнайтын бөлме қарастырылған, сондай-ақ кітапхана қорына музыка мен фильмдерді де қоспақ.
Вульфтің айтуынша, кітапхана жұртшылықтың бәріне қолжетімді болмақшы. Онда материалдарды бастырып алуға ғана ақша төлейді.
ҚазАқпарат.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік