Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҚытай провинцияларының бірінде қала жұртшылығын жер сілкінісі зардаптарынан қорғаудың тың тәсілі қолданысқа енгізілуде. Наньчан қаласының өнертапқыштары жер сілкінісін иттерден асып ешкім болжай алмайды дейді.
Қытайда жер сілкінісі жиі болатыны белгілі. Өткен айда ғана Сычуан провинциясында болған жер сілкінісінде жүздеген адам көз жұмды. Оның алдындағы зілзаларда мыңдаған адам құрбан болды.
Няньси провинциясының астанасы Наньчан қаласы Қытайдың жер сілкіну қауіпі зор аймағына жатады. Осы қала тұрғындары қазір түгелге дерлік ит асырауға көшкен. Сілкініс қауіпі жақындағанда иттер мазасызданып, шабалана үріп белгі береді деседі. Ростори басылымының жазуынша, тіпті кейде олар зілзаланы он күн бұрын сезетін көрінеді.
Қытай билігі азаматтарға ит асырау жөнінде жиі кеңес береді екен, бұған қоса тауықтар мен үйректер де табиғаттың тосын мінезін сезуге өте қабылетті екенін ескертуде.
Алайда, бұл тәсілге жұртшылықтың барлығы бірдей разы емес екен. Тұрғындар иттердің беймезгіл уақытта жаппай үріп ұйқы бермейтінін айтып шағымданған.
«Наньчанда қанша ит бар екенін бір Құдай біледі. Олар күн сайын кешкі 11 кезінен бастап жаппай үреді», деп жазады дереккөзі. Ал қала билігі болса «дабыл қаққыш иттерді» қолданысқа енгізгеннен бері провинцияда жер сілкінісі құрбандарының саны айтарлықтай кемігенін мәлімдеуде.
Baq.kz
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді