Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыОсымен 58-ші рет өтетін байқауға әлемнің 39 елінен әншілер қатыспақ. Екі жартылай финал 14-ші және 16 мамырда, ал финал 18 мамыр күні өтеді. Конкурс 15,5 мың көрерменге арналған «Мальме арена» көпбейінді кешенінде өтеді.
Ағымдағы жылы байқаудың нышаны - кемпірқосақтың барлық түсіне малынған көбелек, ал ұраны - «Біз біргеміз» (We Are One). Аталған сурет пен ұран бүкіл қаланы безендіріп тұр. Мальма тропикалық көбелектер павильонына айналғандай.
Бас жүлдеге үміткерлер қатарында даниялық Эмили де Форесттің есімі аталуда. Әнші жалаң аяқ ән салғанды ұнатады. Оның атап өтуінше, бұл оған Жердің энергиясын сезінуге мүмкіндік береді. Ол халықаралық байқауда да бұл әдетінен бас тартпақ емес.
Букмекерлер екінші орынды украиналық Злата Огневичке қиып отыр. Украиналық әншінің командасы сахналық тосын нөмір дайындап отырғандығы белгілі. Ал үшінші орынды норвегиялық әнші Маргарет Бергер иеленуі мүмкін.
ҚазАқпарат.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді