Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіЖеңіс мерекесі Алматыда да ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Бұл күні дәстүр бойынша 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Даңқ мемориалындағы мәңгілік алауға гүл қойылды.
Тағылымы мол шараға мыңдаған алматылық жиналды.
Салтанатты шара майданда қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіз еске алумен басталды. Бұдан кейін сұрапыл соғыста ерлік жасап, ұрпағына жеңіс сыйлаған ардагерлерді қала әкімі Ахметжан Есімов ұлы мерекемен құттықтады. Жеңіс күні жалпы қазақстандықтар үшін айрықша. Өйткені жас жандарын құрбан еткен миллиондаған жауынгерлердің ішінде қазақстандықтар мыңдап саналады. Бұл майданға елімізден 5 жылдың ішінде 1 миллион 200 мың адам аттанды. Олардың 600 мыңнан астамы елге оралған жоқ. Қазір Алматыда Ұлы Отан соғысының 1279 ардагері және 23 мың тыл еңбеккері тұрады.
Ахметжан ЕСІМОВ, қала әкімі:
- Ұлы жеңісті жақындатуда қазақ жауынгерлері көп ұлтты Кеңес Одағының әскерлерінің арасында ерекше ерлікпен қайтпас қайсарлық танытты. Қазақстандықтардың ішінен 500 жауынгердің «Кеңес Одағының батыры» шыққаны айқын дәлелі деп белемін.
Құрмантай БАҚБЕРГЕНОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері:
- Жастарға ұзақ өмір, ашық аспан тілеймін. Біздің көрген қиындықты, соғысты көрмеңдер.
www.24.kz
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік