Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгін Алматы қаласы Алматы облысынан Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега-жобасының эстафетасын қабылдады, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.
Жоба аясында Алматы қаласында бірқатар мерекелік шара өтеді. Дәлірек айтсақ, Ассамблеяның ұлттық мәдени орталықтары Абай атындағы алаңда үлкен концерт береді. Алматы облысының этномәдени бірлестіктері ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі мен аушы құстар көрмесін ұйымдастырады. Мереке қонақтары дойбы, шахмат және тоғызқұмалақтан өтетін жарыстарға қатыса алады.
Эстафета өткен жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысында бастау алған болатын. Өскеменде басталған Ассамблея жобасы Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен басқа облыстарда өтті. Бүгін Алматы қаласы Алматы облысынан әріптестерін күтіп алады.
Bnews.kz,
18.04.2013 ж.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік