Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік114 жастағы жапон әйелі Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең кәрі әйел болып енді.
Осака префектурасындағы қарттар үйіндегі Мисао Окаваға Гиннес куәлігі тапсырылды. 1898 жылы 5 наурызда дүниеге келген қарт әйел жақында 115 жасқа толады. Қарт ананың үш баласы, төрт немересі және алты шөбересі бар. Балаларының алды 90-ға келген. Қарттар үйінің жетекшісі қарияның тағамға еш шектеу қоймай, қалағанының барлығын жейтіндігін айтты. Жапония әлем бойынша көп жасайтын адам жағынан алдыңғы қатарда тұр. Елдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінң мәліметіне сүйенсек, елде 51 мыңнан астам ұзақ өмір сүруші бар. Олардың 87%-ы әйел.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді