Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының және қазақ-түрік лицейінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 22 ақпанында қазақ тілінен өткен «Жарқын болашақ» олимпиадасына Күршім ауданынан үздік 10 оқушы қатысып, 6-уы жеңімпаз атанды.
«Сөз шеберлері» конкурсының І орын иегері Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Оралбекова Ақеркенің 4-5 сәуір күндері Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алуы мектеп, аудан, облыс үшін үлкен мәртебе болды. Ақеркенің үлкен сайыстан да жүлдемен оралатынына сенеміз.
Күршім №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Юдина Анастасия, 11 сынып оқушысы Семенова Виктория, Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тоқтарғалиева Сындар, №1 Теректі орта мектебінің 7 сынып оқушысы Синицина Аня, Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның 9 сынып оқушысы Бақтиярова Жансая ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
Білімдерімен оза шауып, жүлдегер атанған оқушыларымызды мақтан етіп, болашақтарынан үлкен үміт күтеміз.
Күршім ауданы әкімінің ресми сайты
http://kurchum.vko.gov.kz
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді