Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматының «Қайрат» клубының U-19 командасы Жасөспірімдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасында алғаш рет жеңіске жетті. Бүгін олар Астанада Грекияның «Олимпиакос» командасын қабылдады.
«Қайраттың» бастапқы құрамы мынадай болды: Шерхан Қалмырза, Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Адлан Нұрғалиев, Шыңғыс Дүйсенбек, Мұхамедәлі Әбіш, Карим Мұхамеджан, Мансур Бірқұрманов, Әкежан Қалиқұлов, Рамазан Бағдат.
Ойынның төртінші минутында алаң иелері есеп ашты. Шабуылшы Рамазан Багдат мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Жылдам голдан кейін ойын тең өрбіді, алайда алматылықтар қорғаныста жинақы ойнап, қарымта шабуылдарда қауіпті көрінді. Екінші таймда да «Қайрат» қарсыластың қателігін пайдаланды. Екінші таймда Мұхамедәлі Әбіш 57-минутта есепті еселеп, «Қайраттың» басымдығын арттырды. Матч 2:0 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.
Осылайша, алматылық команда жасөспірімдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, төрт ұпай жинады. Бұған дейін «Қайрат» португалиялық «Спортингтен» (2:3), испаниялық «Реалдан» (1:4), кипрлік «Пафостан» (1:3), италиялық «Интерден» (0:3) жеңіліп, даттың «Копенгагенімен» 2:2 есебімен тең түскен еді.
Осы жеңістен кейін «Қайрат» 4 ұпай жинап, жасөспірімдер арасындағы УЕФА-ның жалпы рейтингінде 28-орынға көтерілді.
Ал «Олимпиакос» 7 ұпаймен 20-орында тұр.
Бүгін кешке «Қайрат» пен «Олимпиакос» негізгі құрамдары да Чемпиондар лигасы аясында кездесу өткізеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары