23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур қызықты матчтарға толы болды. «ПСЖ» мен «Рома» тең тарқасса, «Лилль» Мюнхенде «Баварияны» жеңді. «Барселона» Бакуде қазақстандық қақпашы Стас Покатилов қорғайтын «Сабахқа» 4 гол салса, «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда тағы да жеңіске жете алмай, «Ливерпуль» «Брюггеден» басым түсті. Ал «Реал» бес матчтың бәрінде жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жеке көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Париждіктердің мінсіз сериясы үзілді
«ПСЖ» – «Рома» – 2:2
Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы «Романы» жеңе алмады. Париждік клуб бұған дейінгі төрт кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, әр матчта кемінде төрт гол соққан еді. Алайда бұл жолы италиялық ұжым парижіктердің қарқынын тоқтатты.
Жарақат алған ойыншылардың көптігіне байланысты Луис Энрике шабуыл шебіне Магнес Аклиуш, Санни Меюлю және Ферран Торресті шығарды. Бірақ дәл осы Аклиуштың қателігінен ПСЖ қиын жағдайға тап болды. «Рома» қорғаушысы Марио Эрмосо француз ойыншысын аяғына дейін қыспаққа алып, допты тартып алды. Кейін кері пасқа үлгеріп, Матвей Сафоновтың қақпасын дәл көздеді.
Бірінші таймда екі команда да қорғаушылар көмегімен гол салды. «Рома» есеп ашқан соң Илья Забарный бұрыштамадан келген допты баспен бағыттап, таразы басын теңестірді.
Екінші таймның басында Сафонов қорғаныстағы олқылықтан кейін қауіпті соққыны қайтарып, командасын құтқарды. Ал 59-минутта Усман Дембеле Ферран Торрестің орнына алаңға шықты. Француз шабуылшысы үш минуттан соң пенальтиді сәтті орындап, ПСЖ-ны алға шығарды.
Алайда 20 минуттан кейін париждіктер қақпасына да 11 метрлік айып добы белгіленді. Витинья допты қолмен ойнағаны үшін жазаланып, Дониэлл Мален есепті қайта теңестірді.
Осылайша «ПСЖ» төрт жеңістен тұратын сериясын тоқтатты. Бұған дейін команда әр кездесуде кемінде төрт гол соғып келген еді. Енді жалпы кезеңде барлық матчта жеңіске жеткен жалғыз команда – «Реал».
«Барселона» Бакуде «Сабахтан» басым түсті
«Сабах» – «Барселона» – 1:4
Чемпиондар лигасының бесінші турындағы кездесуде Әзербайжанның «Сабах» клубы өз алаңында «Барселонаға» қарсы ойнады. Баку Олимпиадалық стадионында өткен матч каталондықтар жеңісімен аяқталды – 4:1.
«Барселона» 31-минутта есеп ашты. Энтони Гордон қақпашы Стас Покатилов қорғаған қақпаға гол соқты. Екінші таймның 51-минутында ол дубль авторы атанса, араға төрт минут салып Карим Адейеми каталондықтардың үшінші голын енгізді.
60-минутта Габриэл Жезус есепті 4:0-ге жеткізді. Алайда үш минуттан кейін Джой-Ланс Миккелс «Сабахтың» бір голын қайтарып, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Дегенмен алаң иелері ойын нәтижесін өзгерте алмады.
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов матчты капитан ретінде бастап, толық өткізді. Төрт гол жіберіп алғанына қарамастан, ол «Сабах» құрамындағы үздік ойыншы атанды. Покатилов тоғыз сейв жасап, 1,04 голдың алдын алған. Sofascore порталы оның ойынына 8,4 балл берді.
Матчтан кейін қазақстандық қақпашы жеңіліске қатысты пікір білдірді.
Ұтылдық, енді не айтуға болады? «Барселона» болсын, басқа команда болсын – бәрібір, жеңіліп қалдық. Көңіл күй жоқ. Алаңға шыққанда қарсыластың кім екеніне мән бермейсің. Өз міндетің, өз ойының бар. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан соң, қарсыластың аты маңызды емес, – деді Покатилов.
Ол сондай-ақ «Барселона» қақпашысы Жоан Гарсиямен жейде алмастырғысы келгенін, бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталғанын айтты.
«Барселона» бұл жеңістен кейін 12 ұпай жинап, жалпы кестеде үшінші орынға көтерілді. «Сабах» үш ұпаймен 32-сатыда қалды.
«Бавария» Мюнхенде есе жіберді
«Бавария» – «Лилль» – 1:2
Турдың ең күтпеген нәтижелерінің бірі Мюнхенде тіркелді. «Бавария» өз алаңында француздың «Лилль» клубынан 1:2 есебімен жеңілді.
Венсан Компани шабуыл шебіндегі жарақаттарға байланысты 18 жастағы Леннарт Карлды негізгі құрамға қосты. Оның айналасында Конрад Лаймер, Том Бишоф және Натаниэль Браун секілді шабуылға бейім емес ойыншылар орналасты.
Соған қарамастан, «Бавария» стандартты жағдайдан есеп ашты. 15-минутта Дайо Упамекано бұрыштамадан кейін сәтті қозғалып, допты қақпаға бағыттады.
Екінші таймда «Лилль» батылырақ ойнай бастады. Аясе Уэда алдымен айып алаңындағы қарбаластан кейін гол соққанымен, төреші оны есепке алмады. Бірақ 62-минутта жапон шабуылшысы тағы да мүмкіндік алып, допты бірінші жанасумен өңдеп, екінші қимылда алыс бұрышқа дәл соқты.
Үш минуттан кейін «Бавария» тағы бір гол жіберіп алды. Итан Мбаппе қарсы шабуылда Йонас Урбигпен жеке-дара шығып, соққысы қақпа бағанасына тиді. Допты Александр Павлович байқаусызда өз қақпасына бағыттап жіберді.
Осылайша «Лилль» үш минуттың ішінде матч тағдырын өзгертіп, Мюнхеннен маңызды жеңіспен қайтты.
Француз клубы бұған дейін Чемпиондар лигасының төрт матчында небәрі бір ұпай жинаған еді. Ал «Бавария» үшін бұл күнтізбелік жылдағы үшінші жеңіліс болды. Бұған дейін мюнхендіктер көктемде ПСЖ-дан 4:5 есебімен жеңіліп, одан бір жыл бұрын «Арсеналға» 1:3 есебімен есе жіберген.
Келесі турда «Бавария» өз алаңында «Славияны» қабылдайды. «Лилль» «Штутгартқа» қонаққа барады.
«Манчестер Юнайтедке» екі пенальти де көмектеспеді
«Спортинг» – «Манчестер Юнайтед» – 2:2
«Манчестер Юнайтед» Лиссабонда «Спортингпен» тең түсіп, Чемпиондар лигасындағы жағдайын жақсарта алмады. Қонақтар небәрі үш минут ішінде екі пенальтиге себеп болды.
Алдымен Лисандро Мартинес Жени Катамудың аяғына соққы жасады. Артынша Сенне Ламменс Максимилиано Араухоны жеке-дара шыққан сәтінде хоккей қақпашысы секілді тоқтатуға тырысып, екінші пенальтиге жол берді.
Луис Суарестің алғашқы соққысын Ламменс қайтарғанымен, келесі эпизодта өзі қателесіп, «Спортингке» тағы бір мүмкіндік сыйлады. Бұл жолы қақпашы қайтара алмады.
Үзіліске дейін «МЮ» есепті теңестіргендей болған. Алайда Амад Диаллоның голы Юри Тилеманстың ережені бұзғаны үшін күмәнді түрде есепке алынбады.
Екінші таймда Бруну Фернандештің белсенділігі байқалды. Ол 48-минутта пенальтиді орындап, екі минуттан кейін алыстан соққы жасады. Доп Лиссабон алаңындағы кедір-бұдырға тиіп, күтпеген траекториямен қақпашының үстінен өтіп кетті.
Бұл гол «Манчестер Юнайтедке» жеңіс сыйлайтын сияқты көрінгенімен, 80-минутқа таяғанда Ламменс допты қолынан түсіріп алды. Луис Суарес осы мүмкіндікті пайдаланып, дубль жасады.
Одан кейін «Юнайтедтің» тағы бір голын VAR жүйесі жоққа шығарды. Қосымша уақытта Тилеманс алаңнан қуылды. Бұл оның соңғы бес матчтағы төртінші қызыл қағазы болды.
«Манчестер Юнайтед» Чемпиондар лигасында бес матчтан кейін жеті ұпай жинады. Команда «Сабах» пен «Романы» жеңіп, «Атлетико» мен «Комоға» ұтылған.
Қонақтағы ойындар да «МЮ» үшін үлкен мәселеге айналды. Команда Чемпиондар лигасында соңғы 12 сырт алаңдағы матчтың тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Ол жеңіс 2021 жылдың қарашасында «Вильярреалға» қарсы тіркелген еді.
«Вильярреал» «Славияны» әрең жеңді
«Вильярреал» – «Славия» – 1:0
Испаниялық «Вильярреал» өз алаңында Чехияның «Славиясын» минималды есеппен жеңіп, сәтсіз сериясын тоқтатты. Матчтың өзі аса тартымды бола қойған жоқ: ұсақ фолдар көп болып, «Славия» алғашқы 16 минутта бес бұрыштама орындады.
«Вильярреал» допқа талас кезінде жиі ұтылып, қарсыласының қысымына төтеп бере алмады. 43-минутта Мубарак Сулейман алыстан жасалған соққыдан кейін допты қақпаға енгізгенімен, офсайдқа байланысты гол есептелмеді.
Осыдан кейін Ренату Вейга әуе допқа талас кезінде шынтағын қарсыласына тигізіп, қызыл қағаз алды. Бірақ VAR тексерісінен соң төреші шешімін өзгертіп, ойыншыға сары қағаз көрсетті.
Матч тағдырын 62-минутта «Славияның» қорғаныстағы қателігі шешті. Қорғаушы айып алаңынан орынсыз шығып кеткен сәтте Айосе Перес допты Таджон Бьюкененге жеткізді. Канадалық футболшы мүмкіндігін мүлт жібермей, жалғыз голды салды.
81-минутта төреші Папа Гуйенің фолынан кейін «Славияға» пенальти белгіледі. Алайда VAR тексерісі ойыншының бұрыштама орындалмай тұрып-ақ қарсыласын ұстап қалғанын анықтап, шешім өзгертілді.
«Славия» Чемпиондар лигасында қатарынан 24 матч бойы жеңіске жете алмай, турнирдің антирекордын жаңартты. Чехиялық клубтың соңғы жеңісі 2007 жылдың қыркүйегінде тіркелген еді.
22 жыл күткен жеңіс
«Фенербахче» – «Шахтер» – 1:0
«Фенербахче» Чемпиондар лигасында 2004 жылдан бері сырт алаңда жеңіске жете алмай келген. Түркиялық клуб бұл ұзақ сериясын Лондонда тоқтатты.
Нголо Канте бұрын жеті жыл өнер көрсеткен «Стэмфорд Бридж» стадионына қайта оралды. Ал матчтың басты кейіпкері Ведат Мурики болды.
Ол 17-минутта гол соққанымен, VAR шабуыл кезінде ереже бұзылғанын анықтап, голды есепке алмады. Екінші таймда Мурики өз мүмкіндігін тағы да пайдаланды.
56-минутта Мэйсон Гринвуд оң қапталдан ішке қарай ойысып, сол аяғымен соққы жасады. Дмитрий Ризнык допты ұстай алмай қалды, ал Мурики қайтарылған допты қақпаға енгізді.
Бұл «Фенербахченің» Чемпиондар лигасындағы 2004 жылдан бергі алғашқы сырт алаңдағы жеңісі. Ол кезде түркиялық команда Праганың «Спартасын» ұтқан еді.
«Шахтер» еурокубоктарда алғаш рет түркиялық клубтан жеңілді. Бұған дейін украиналық команда түрік қарсыластарымен өткізген 11 матчта 10 рет жеңіп, бір рет тең түскен.
Келесі турда «Фенербахче» ЛАСК-қа барады, ал «Шахтер» «Слованмен» кездеседі.
Қосалқы құрамнан шыққан ойыншылардың көмегімен жеңіске жетті
«Интер» – «Штутгарт» – 2:0
«Интер» «Штутгартты» 2:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасында қатарынан үшінші рет құрғақ жеңісіне қол жеткізді. Миландықтардың табысына бас бапкер Кристиан Киву жасаған ауыс-түйістер ықпал етті.
Бірінші таймда «Интер» бір минуттың ішінде екі рет қақпа бағанасына дәл тигізді. Әсіресе Николо Барелланың бұра соққысы көрермендер назарын аударды.
Екінші таймда есеп пенальтиден ашылды. Бастапқы құрамда болмаған Федерико Димарко жарақат алған Алессандро Бастонидің орнына алаңға шықты. Оның пасынан кейін Йоша Вагноман допты қолмен ойнап, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі.
Хакан Чалханоглудың орнына шыққан Петар Сучич пенальтиді сәтті орындап, қақпашыны бір бұрышқа жіберді де, допты ортаға бағыттады.
Димарко екінші голдың да бастамашысы болды. 74-минутта Пио Эспозито оның пасын әдейі өткізіп жіберіп, Лаутаро Мартинеске мүмкіндік жасады. Аргентиналық шабуылшы алаңға шыққаннан кейін алты минут өткенде гол соқты.
«Интер» алғашқы екі матчта жеңіліс тапқанымен, кейінгі үш кездесуде қақпасына гол жібермей жеңіске жетті. Қазір команда 12-орынға көтерілді.
Бұл матч Мануэль Аканджи үшін де ерекше болды. Ол Чемпиондар лигасындағы 70-ойынын өткізіп, мұндай көрсеткішке жеткен алғашқы швейцариялық алаң ойыншысы атанды. Швейцариялық футболшылар арасында тек қақпашы Ян Зоммер ғана одан көп матч өткізген – 74 ойын.
Келесі турда «Интер» Дортмундта «Боруссиямен» кездеседі. «Штутгарт» өз алаңында «Лилльді» қабылдайды.
«Атлетико» «Викингті» бірінші таймда-ақ тоқтатты
«Атлетико» – «Викинг» – 2:0
Мадридтік «Атлетико» Чемпиондар лигасының дебютанты «Викингті» сенімді түрде жеңді. Бір қызығы, матч алдында норвегиялық клуб турнир кестесінде мадридтіктерден жоғары тұрған еді.
19-минутта норвегиялық шабуылшы Александр Серлот есеп ашты. Араға бес минут салып Хулиан Альварес айып добын тамаша орындады. Аргентиналық шабуылшы допты қақпа бағанасына жақын жерден өткізіп, есепті 2:0-ге жеткізді.
«Атлетико» бұған дейін «Штутгартпен» тең түсіп, «Бавариядан» жеңілген еді. Бұл жолғы жеңіс командаға маңызды үш ұпай сыйлады. Мадридтіктер енді «Манчестер Юнайтедпен» ұпай санын теңестірді.
Серлот үшін де бұл кездесу ерекше болды. Ол бұрын «Буде-Глимт» сапында Норвегия чемпионатында «Викингке» қарсы екі рет ойнап, екі матчта да жеңіліс тапқан еді. Енді бұрынғы қарсыласынан есе қайтарды.
Келесі турда «Атлетико» ПСВ-ға барады, ал «Викинг» өз алаңында «Фейеноордты» қабылдайды.
«Ливерпуль» «Брюггені» соңғы минуттарда талқандады
«Брюгге» – «Ливерпуль» – 0:3
«Ливерпуль» Бельгияда «Брюггені» 3:0 есебімен жеңді. Алайда матчтың 79-минутына дейін ойын тағдыры толық шешілген жоқ.
«Брюгге» ағылшын клубын жылы қарсы алды. Жанкүйерлер екі команда футболшыларына ортақ «You’ll Never Walk Alone» әнін бірге орындады. Сондай-ақ бельгиялықтар Ұлыбритания туын жайып, «Брюггенің» негізін қалауға ағылшындардың қатысқанын еске салды.
Алаңдағы алғашқы сыйлықты Ян Зоммер жасады. 13-минутта ол допты Брэдли Барколяға тура беріп қойды. Француз футболшысы допты Доминик Собослаиға жеткізді, ал венгр ойыншысы Александер Исакқа пас беріп, голға жағдай жасады.
79-минутта «Ливерпуль» қарсы шабуылға шықты. Жас футболшы Рио Нгумоа өз алаңынан допты алып өтіп, Флориан Виртцке пас берді. Неміс ойыншысы жақын бұрышқа дәл соққы жасап, есепті 2:0-ге жеткізді.
Төрт минуттан кейін Исак тағы да гол салды. Ол Зоммердің аяғына қарай ұмтылғанын байқап, допты қақпашының үстінен асырып жіберді. Бұл голға «Ливерпульдің» қақпашысы Алиссон пас берді.
Осылайша «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының осы маусымындағы алғашқы құрғақ жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін төрт матчта команда қақпасына 10 гол жіберген еді.
Алиссон клуб тарихында Чемпиондар лигасында голдық пас берген алғашқы қақпашы атанды.
«Ливерпуль» мен «Брюгге» бұған дейін еурокубоктарда тек финалдарда кездескен. 1976 жылғы УЕФА кубогы мен 1978 жылғы Чемпиондар кубогының финалында екі рет те ағылшын клубы жеңіске жеткен еді.
Келесі турда «Ливерпуль» «Энфилдте» «Портуды» қабылдайды, ал «Брюгге» «Наполиге» қонаққа барады.
Турнир кестесі
Бес турдан кейін «Реал» 15 ұпаймен жалпы кезеңнің жеке көшбасшысы болып тұр. «ПСЖ» 13 ұпай жинаса, «Барселона», «Ливерпуль», «Комо» және «Бетис» командаларының еншісінде 12 ұпайдан бар.
«Бавария» бес матчта екі рет қана жеңіске жетіп, сегіз ұпаймен үздік сегіздіктен тыс қалды. «Манчестер Юнайтед» одан да төмен – жеті ұпай.
Чемпиондар лигасының келесі туры 8-9 желтоқсанда өтеді. Онда жанкүйерлерді «Арсенал» – «Реал», «Барселона» – «Манчестер Сити» және «Ливерпуль» – «Порту» секілді тартысты кездесулер күтіп тұр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік