7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Футзалдан 2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» клубтары шықты, деп жазады El.kz интернет порталы.
Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының Негізгі кезеңінің соңғы турында Косово елінің «Приштина» командасын 4:1 есебімен жеңді. Ойын Хорватияның Макарска қаласында өтті. Осы жеңістен кейін алматылықтар алты ұпай жинап, өз тобының екінші сатысын иеленді. Бұл нәтиже командаға плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндік берді.
Ал «Семей» клубы Негізгі кезеңнің соңғы ойынында қазіргі Чемпиондар лигасының жеңімпазы – Испанияның «Пальма» командасымен кездесті. Пальма-де-Майоркада өткен матч 7:4 есебімен испандықтардың пайдасына аяқталды. Дегенмен, үш ұпай еншілеген семейліктер топта үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
1/8 финалдың жеребесі 6 қарашада өтеді, ал матчтар 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында ойналады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?