22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОсыдан бірнеше жыл бұрын елімізде құрастырылған көліктерге сұраныс аз еді. Қазір сұраныс та, өндіріс те көбейді. Биыл қаңтар-сәуір айларында 59 мың автомобиль шығарылған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуір айының өзінде 18 144 техника құрастырылған. Жаңа өндіріс алаңдарының іске қосылуы өндірісттің өркенндеуіне дем беріп жатыр.
Мәлімет бойынша, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында елде 63 403 бірлік техника өндірілген. Оның құрамына жеңіл және жүк көліктері, автобустар, арнайы техника, тіркемелер мен жартылай тіркемелер кіреді. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,1 пайызға жоғары көрсеткіш.
Саладағы жалпы өндіріс көлемі 764,3 млрд теңгеге жетіп, өсім 19,6 пайызды құрады. Қазір автомобиль жасау өнеркәсібі Қазақстандағы бүкіл машина жасау саласының 42,1 пайызын иеленген.
Төрт ай ішінде Қазақстанда 59 057 жеңіл автомобиль шығарылған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 36,8 пайызға көп. Сондай-ақ 1 967 жүк техникасы, 986 автобус, 177 арнайы техника және 1 216 тіркеме мен жартылай тіркеме өндірілді.
Нарықтағы негізгі өндірушілер арасында өзгеріс бар. Мәселен, Қостанайдағы зауытта өндіріс көлемі 12,7 пайызға қысқарған. Алматыдағы Hyundai зауытында да өткен жылмен салыстырғанда жұмыс көлемі 28,4 пайыздық төмендеген.
Ең көп шығарылған модельдер:
Автоөндіріс жыл санап дамып жатыр. Бәсеке күшейген сайын нарықта жаңа зауыттар бой көтереді. Соған сай әлемдік нарықта танымал автокөлік компаниялары Қазақстанда зауытын ашуға бел байлайды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев