2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліChery компаниясы жаңартылған QQ Ice Cream 205 Sundae Edition электрокөлігін нарыққа шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бағасы бұрынғыдай қолжетімді – шамамен 5 мың доллар, алайда мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейген: енді толық қуатта көлік 205 шақырымға дейін жүре алады. Бұл туралы Autohome басылымына сілтеме жасай отырып Finratings.kz жазады.
Көліктің өлшемдері шағын: ұзындығы үш метрден сәл асады, ал дөңгелек базасы екі метрге жетпейді. Соған қарамастан, сыртқы келбеті заманауи әрі ерекше көрінеді.
Қос түсті кузов және ерекше салон. Мұнда Android негізіндегі 9 дюймдік сенсорлық экран, артқы көрініс камерасы, Bluetooth, Wi-Fi, кондиционер және тіпті дауыс арқылы басқару жүйесі бар. Мұндай бағаға ғажап көлік, – деп жазады басылым.
Электрокардың моторы 41 ат күші мен 90 Н·м айналу моментін береді.
Динамикасы аса қуатты емес, бірақ қалалық жолдар үшін жеткілікті. Ең бастысы – жылдам қуатталады: батареяны 30-дан 80 пайызға дейін жарты сағатта толықтырады, ал толық қуаттауға бес сағаттай уақыт қажет, – делінген жарияланымда.
Сарапшылардың айтуынша, QQ Ice Cream жастар мен белсенділерге арналған: бағасы қолжетімді, дизайны стильді әрі қолдануға ыңғайлы. Бұл шағын электрокар Wuling пен BYD секілді бәсекелестерінен бөлек, бензинді шағын көліктерге де балама бола алады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс