Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Лорияның айтуынша, қазіргі жаттықтырушылар штабына кететін шығын алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір азайған.
Черчесов пен оның үш көмекшісі қазіргі кезде ұлттық құрамалар департаментінде жұмыс істеп жатқан 72 қызметкерден де көп жалақы алған. Бұл 72 адамның ішінде 40-тан астам жаттықтырушы бар. Яғни қазіргі жалақы қоры сол төрт бапкерге төленген сомадан төмен, – деді Лория Sport Pulse подкастында.
Айта кетейік, Станислав Черчесов 2024 жылы Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Құрама ресейлік маман баптаған алты ойынның бірде-бірінде гол соға алмай, Ұлттар лигасында өз тобында соңғы орынды иеленді.
Оның орнына ұлттық құраманы қазақстандық бапкер Әли Әлиев басқаруға келді. Әлем чемпионатына іріктеу аясында оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңіп, Уэльстен 1:3 және Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен ұтылып қалды.
Бұған дейін «Qyzyljar» клубының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев заңсыз түрде 10 млн теңге жалақы алғаны туралы жазғанбыз.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай