Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекУЕФА-ның ресми сайты Ыстамбұлда өтетін Чемпиондар лигасының финалына билеттерді сатылымға шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЧЛ финалдық кездесуі 10 маусымда Ыстамбұлдағы Ататүрік олимпиадалық стадионында өтеді, ал билеттер құны санатына қарай 70-тен 690 еуроға дейін (35 мыңнан 347 мың теңгеге дейін).
Финалда алаңнан көргісі келетін қазақстандықтарға кемінде 250 мың теңге қажет: ойынға билет үшін 35 мың және Астана-Ыстамбұл бағыты бойынша (9-11 маусымда барып-келу үшін) ұшақ билетіне тағы кемінде 160 мың теңгеге жуық қаражат қажет.
Ыстамбұлдағы екі түн бір адамға 30-40 мың теңгені құрауы мүмкін. Қалған шығынды қалтаңызға қарап көресіз.
Стадион 75 мыңға жуық адам оңай сыйдырады.
Чемпиондар лигасының жартылай финалдық матчтары мамыр айында өтеді: алғашқы кездесулер 9 және 10 мамырға, ал жауап ойындар 16 және 17 мамырға жоспарланған.
Финал жолдамасын мадридтік «Реал» мен ағылшынның «Манчестер Сити» клубы, сондай-ақ итальялық «Милан» мен «Интер» клубтары сарапқа салады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?