Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды EL.KZ.
Рыбакина жартылай финалда әлемнің 23-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчиковамен финалдың жолдамасын сарапқа салды.
Қазақстандық теннисші матчты сәтті бастап, бірінші партияны сенімді ұтты – 6:3.
Екінші сетте тай-брейкте Б.Крейчикованың жолы болды – 7:6 (7:4).
Үшінші, шешуші партияда чехиялық спортшы таразы басын өзіне аудара білді – 6:4.
Екі сағат 24 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Е.Рыбакина 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Б.Крейчикова финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 21-сатыдағы ресейлік Екатерина Александрованың біреуімен ойнайды.
Осы жарыста қазақстандық Анна Данилина да жұптық сында финалға шыға алмады. Ол бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда поляк теннисшісі Алисия Росольска – жаңазеландиялық Эрин Рутлифке жол берді – 4:6, 2:6.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік