23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Чехиядан келген магистрант қазақ әдебиетін оқып жүр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Палацк университетінің магистранты Ян Брзобогаты Торайғыров университетіне білім алуға келді. Ол Erasmus + бағдарламасы бойынша Азия елдері және қазақ әдебиетін оқып жүр.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Чехиядан келген магистрант Павлодар жоғары оқу орнын өзі таңдаған. Мұнда ол «Азиатистика бойынша маманданған қытай тілі мен мәдениеті» мамандығы бойынша үш айлық оқудан өтеді. Сонымен қатар, Ян Брзобогаты ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеу жайлы шешім қабылдады. Атап айтқанда, Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің шығармаларына қызыққан.
«Біз Еуропадан келген студенттер мен магистранттардың өз бағытында жаңа білім алу және Қазақстан мәдениетін зерттеу үшін ToU-ды таңдағанына өте қуаныштымыз. Біз әрқашан шетелдік қонақтар үшін ашықпыз және оларға оқуда да, күнделікті өмірде де көмектесуге дайынбыз. Бүгінгі таңда біздің университет шетелде танымал бола бастады», – деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік