Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЧех Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Парламент Сенатының депутаттары, Прага аналитикалық институттарының жетекші сарапшылары, чех бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлау қорытындыларын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Чех сарапшылары жалпы парламентаризмнің даму перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты саяси, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен дамытуды талқылады.
Масариков университеттің саяси ғылымдар докторы, профессор Ян Швец өз сөзінде: «Қазақстан парламентінің төменгі палатасына сайлаудың ерекшелігі – олар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен әлеуметтік және саяси реформалардың негізгі құрамдас бөлігі. Реформалар Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайтуға, биліктің өкілді органдарында саяси көзқарастардың алуан түрлілігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деп атап өтті.
Әлеуметтану ғылымдарының докторы, Карлов университетінің профессоры Славомир Хорак: «Қазақстан – Еуропалық одақ үшін стратегиялық маңызды әріптес, оның саяси тұрақтылығы мен үдемелі, сенімді дамуы өңір үшін маңызы зор. Қазақстан демократиялық сайлау өткізді, әлемдік халықаралық саяси институттар парламенттік сайлаудың ашықтығы мен бәсекелестігін растады, бұл тұрақтылық пен орнықты дамуды одан әрі нығайту үшін маңызды қадам екені сөзсіз», – деп баса айтты.
Іс-шара соңында қазақстандық дипломаттар журналистер мен сарапшылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары