23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Америкалық OpenAI компаниясы әзірлеген ChatGPT чат-ботында 2025 жылғы 10 маусымда таңертеңнен бастап жаһандық деңгейде ақау тіркелді. Пайдаланушылар түрлі елдерде жүйенің жұмысында қиындықтар туындағанын хабарлауда, деп жазады El.kz интернет порталы.
Бұл мәселелерді Downdetector платформасы да растады. Тіркелген барлық шағымның 90%-ы ChatGPT қызметінің тікелей жұмысымен байланысты.
OpenAI-дің ресми сайтында компания мәселеден хабардар екенін және оның себебін анықтап жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, мамыр айының соңында OpenAI компаниясы Қазақстанда тіркеліп, қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде ресми мәртебе алды.
2025 жылдың сәуірінде OpenAI бас директоры Сэм Альтман ChatGPT нейрожүйесін әлем бойынша шамамен 800 миллион адам пайдаланып жатқанын хабарлаған. Бұл – жер шарындағы әр оныншы адам деген сөз.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік