Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазіргі уақытта жасанды интеллект құралдарын қолдану кең етек жайып келеді. Соның бірі – ChatGPT. Көпшілік бұл платформадан түрлі тақырыптар бойынша ақпарат сұрап, кеңес алып жүр. Алайда діни мәселелерге келгенде абай болған жөн, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ChatGPT және өзге де жасанды интеллект платформаларынан шариғи үкім, діни пәтуа немесе дінге қатысты кеңес сұрауға болмайтынын мәлімдеді. Себебі мұндай жүйелер интернеттегі барлық дереккөздерден мәлімет жинайды. Бұл өз кезегінде дінге қайшы, бұрмаланған немесе нақты мазһабқа сәйкес келмейтін ақпараттардың берілуіне себеп болуы мүмкін.
Қасиетті Құранда «Егер білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» деп жазылған. Жасанды интеллект – пайдалы құрал. Бірақ діни үкім беру – үлкен жауапкершілік. Сондықтан бұл істе білімді пәтуа мамандарына жүгінген дұрыс. Ал жасанды интеллектті тек көмекші құрал ретінде жалпы мәлімет үшін ғана пайдаланған жөн, - дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.
Сондықтан шариғатқа қатысты мәселелерде жасанды интеллектке емес, дінді терең меңгерген ғалымдар мен арнайы пәтуа мамандарына жүгінген абзал.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары