22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыOpenAI компаниясы ChatGPT-ті әмбебап платформаға айналдыру жолындағы тағы бір маңызды қадам жасады. Енді чат-боттың өз ішінде қосымшалар каталогы пайда болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жаңашылдық пайдаланушыларға әртүрлі сервистерді тікелей ChatGPT интерфейсінде қарап, бірден қосуға мүмкіндік береді.
Жаңа мүмкіндіктің аясында әзірлеушілер үшін арнайы SDK ұсынылды. Оның көмегімен интерактивті қосымшаларды тікелей ChatGPT ішінде жұмыс істейтін форматта жасауға болады. Яғни болашақта чат-бот тек мәтінмен жауап беретін құрал емес, түрлі қызметтерді біріктіретін толыққанды экожүйеге айналмақ.
Сонымен қатар ChatGPT-ге Apple Music қызметі де қосылды. Бұл интеграция музыканы тікелей тыңдауға мүмкіндік бермегенімен, тректерді, альбомдар мен орындаушыларды іздеуге, сондай-ақ мәтіндік сұраныс арқылы плейлистер құруға және өңдеуге жол ашады. Пайдаланушылар белгілі бір тақырыпқа сай музыкалық жинақ жасатуға, әнді сипаттама арқылы табуға немесе фильм мен сериалдағы плейлисті қайта қалпына келтіруге сұраныс бере алады. ChatGPT қажетті әндерді автоматты түрде қолданушының музыкалық кітапханасына қосады.
Айта кетейік, қосылған қолданбалар ChatGPT-дің сақталған жадын (егер ол қосулы болса) пайдалана алады. Ал қолданушылардың деректері сервисті жетілдіру функциясы іске қосылған жағдайда, бұрынғыдай модельдерді оқыту процесіне қатысуы мүмкін.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев