23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЧарли Чаплиннің қызы актриса Джозефин Чаплин Францияда 74 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаралы хабарды оның ұлдары Шарли, Джулиен және Артур Le Figaro-ға мәлімдеген. Олардың айтуынша, анасымен қоштасу рәсіміне жақын адамдар ғана жиналып, баспасөзде жарияланбаған.
Өлімге не себеп болғаны белгісіз. Чаплиннің мұрагерлері оның 13 шілдеде қайтыс болғанын айтты.
Джозефин Чаплин – актер және режиссер Чарли Чаплин мен америкалық актриса Уна О'Нилдің қызы. Жұлдызды жұп алғаш рет 1942 жылы кездескен. Ол кезде әлемдік кино жұлдызы 53 жаста, ал Уна небәрі 18 жаста болған. Соған қарамастан араға бір жыл салып екеуі үйленіп, 35 жыл бірге тұрған.
Джозефин – Чарли Чаплиннің 11 баласының ішінде алтыншысы.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады