6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінде үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ташкентте (Өзбекстан) спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі аясындағы финалдық жарыстар өтіп жатыр. 21 маусымда Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлде иеленді.
Ерлер арасында қоссырықтағы жаттығуларда Ілияс Әзізов 13.100 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Осы жаттығуда Дмитрий Патанин 12.700 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында алтын медальді 13.550 ұпай жинаған Ахрорхон Темирхонов (Өзбекстан) жеңіп алды.
Бөрене үстіндегі жаттығуда Көркем Ербосынқызы 12.100 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Алғашқы орынды 13.300 ұпаймен Кайлия Немур (Алжир) жеңіп алса, екінші орынды Одинахон Робиджонова (Өзбекстан) 12.500 ұпаймен еншіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі