23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заңның мақсаты – екі ел арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау. Комитет төрағасы Андрей Лукиннің айтуынша, келісімге 2024 жылғы 19 сәуірде Қырғыз Республикасы Президентінің Астанаға ресми сапары барысында қол қойылды. Осы заң екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша қолайлы режим жасаудың, атап айтқанда, бір тараптың екінші тарап аумағындағы инвестицияларын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ екі мемлекеттің аумақтарындағы инвестициялық қызметке байланысты мәселелерді реттеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Келісім нормаларына сәйкес кез келген тараптың инвесторлары жүзеге асырған инвестициялар әділ және тең құқылы режимді, сондай-ақ екінші тарап мемлекеті аумағында толық қорғалуды және қауіпсіздікті пайдаланады.Әрбір Уағдаласушы тарап ұлттық заңнамаға сәйкес экономиканың сезімтал секторларын және (немесе) олармен байланысты басқа да кәсіпкерлік қызмет түрлерін айқындау құқығын өзіне қалдырады, оларға міндеттеменің қолданысы шектелуге немесе одан шеттетілуге тиіс. Сондай-ақ, тараптардың ешқайсысы екінші тарап мемлекетінің инвесторларын олардың инвестицияларынан тікелей немесе жанама түрде айыратын ұлт меншігіне алуға немесе қандай да бір басқа шараларды қабылдауға тиіс емес, - деп атап өтті ол.
Андрей Лукиннің сөзінше, Қырғызстанмен стратегиялық әріптестік Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияны одан әрі дамыту перспективаларын ашады, бұл халықтарымыздың арасындағы байланыстардың өсуіне және нығаюына ықпал етеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады