30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБюрократия (фр. bureaucratie – канцелярия үстемдігі, фр. bureau – бюро, канцелярия және грек. kratos – билік) – 1) мемлекеттік билік аппаратында белгілі бір артықшылықтары бар шенеуніктердің жоғары тобы; 2) шенеуніктердің жабық тобымен іске асырылатын, міндеттер мен өкілеттіктердің қатаң бөлінісінен тұратын, бекітілген қызмет ережелері мен стандарттары нақты орындалатын мемлекеттік басқарудың иерархиялық ұйымдасқан жүйесі.
Макс Вебер бюрократияны ұйымдық мақсаттарға жетудің ең тиімді және рационалды формасы ретінде анықтады. Веберлік ойындағы бюрократияның идеалды түріне: маманданданудың жоғары деңгейі және еңбектің айқын бөлінісі, иерархиялық құрылым, ұйым қызметін басқарудың формалды ережелерінің жиынтығын бекіту, басқарудың негізі ретінде жазбаша құжаттар, ұйымның қызметкерлері арасында және ұйым мен клиенттер арасындағы қатынастың жеке сипатта болмауы, қызметкерлерді қабілеті мен біліміне қарай таңдау, ұзақ мерзімді жұмыс бастылық, белгіленген ақының болуы, қызмет мерзімі мен сіңірген еңбегіне сәйкес мансаптық саты бойынша өсу элементтері кіреді. Оның ойынша, бюрократияның негізгі артықшылығы оның болжауға болатындығында. Кейінгі бюрократия зерттеулері (атап айтқанда, Р. Мертон, М. Крозье және т.б. еңбектері) бюрократиялық ұйымдардың тиімсіздігін көрсетті, себебі ол түрлі себептердің әсерінен өзінің икемділігін жоғалтады. Ұйым мүшелерінің немесе ұйымның өзінің кейбір бюрократиялық ережелерді салт-жоралары ретінде орындауы, олардың өзгерген жағдайларға сәйкессіздігінің әсерінен жұмыс тиімділігінің төмендеуіне алып келеді. Ал маманданудың тар болуы өзекті мәселелердің шешілуіне кедергі келтіреді – жұмысшылар жеке және топтардың мүдделерін қорғайды, өз өкілеттіктерін барынша кеңейту үшін шынайы жағдай туралы ақпаратты жасырады және бұрмалайды, бұл өз кезегінде формализмге, кертартпалыққа, әкімшілік қызметтің тек өз мақсаттарын орындауға, және ең соңында мемлекеттік аппараттың қоғамнан бөлектенуіне алып келеді.
Бүгінде бұқара деңгейінде бюрократияға «қағазбастылық» деген сипаттама берілген. Яғни бір құжатты алу үшін бірнеше құзырлы инстанциядан анықтама немесе жолдама алу қажет, оның әрқайсысы мақсатқа жетудегі арнайы кезең іспеттес. ХХІ ғасырда, ақпараттық технологиялардың дамуы бюрократияға қатты әсер етті. Иерархияның ең басы мен аяғын тікелей жалғауға мүмкіндік берген интернеттің арқасында бюрократия ұғымы өзінің өзектілігін жоғалтуда.
Дархан Өмірбек
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды