23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Грузия мемлекеті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және қазақстандық өнімді жеткізуді ұлғайтуға үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, 2024 жылы экспорт көлемі $71 млн-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық. Елімізден астық дақылдары, бидай, ұн және кондитерлік өнімдер жеткізіле бастады. Сондай-ақ Қазақстан Грузияға ірі қара етін жеткізгелі отыр.
21 қаңтарда ірі қара малдың етін жеткізу үшін ветеринариялық сертификат келісілді. Салқындатылған, жаңа сойылған етті және ірі қараны тірідей жеткізу жөнінде келісім. Негізінде, осы бағытта жұмыс істейтін боламыз, жеткізілім көлемін арттырып, жұмысты ширата түсеміз, — деді ведомство басшысы.
Жақын арада ауыл шаруашылығы министрімен кездесіп, бірлескен жобаларды ары қарай пысықтау үшін Грузияға сапар жоспарланып отыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік