Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕліміздегі 2023 жылдың қорытындысы бойынша студенттердің стипендия мөлшері бакалавриатта 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға ұлғайтылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік тапсырыстың көлемі жыл сайын артып келеді. Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысы 160 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 230 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін көтерілді, – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі.
Саясат Нұрбектің айтуынша, 2021 жылдан бастап 27 мың орындық 126 жатақхана пайдалануға берілген. Оның ішінде 2023 жылғы 10 мың орындық 43 жатақхана бар.
Алғаш рет 2023 жылдың қыркүйегінен бастап ата-анасынан айырылған студенттерге, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерге жатақханада тұру құны 29 айлық есептік көрсеткіш немесе 100 мың елу теңге көлемінде өтемақы төленуде.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары