6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2024 жылғы 12 ай ішінде 368 670 сәби дүниеге келді, оның ішінде ұлдар – 190 213, қыздар – 178 457, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, туудың ең жоғары деңгейі Түркістан (1000 тұрғынға 25,05 адам), Маңғыстау (24,47) облыстарында және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.
Аталған уақыт ішінде 133 592 адам қайтыс болды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,57), Шығыс Қазақстан (11,29) және Қостанай (10,18) облыстарында байқалды, бұл осы аймақтардағы халықтың жас құрылымына байланысты, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда елге келгендер (ықтиярхат алған) саны 29 948 адамды құраса, елден 12 784 адам кеткен. Көші-қонның оң сальдосы 17 164 адамды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 17,9% көбейсе, елден кеткендер саны 20,4% азайған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі