Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2024 жылдың сәуір айынан бастап республика аумағында "Таза Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Экологиялық акция аясында ІІМ қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерде тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Іс-шараға 7037 полиция қызметкері қатысты. Мобильді топтар қалдықтарды жою саласында тексерулер жүргізді. Нәтижесінде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды. Сондай-ақ 307 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олар: қоғамдық орындарды ластаудың 109 мың фактісі; абаттандыру ережелерін бұзудың 198 мың фактісі.
Жергілікті атқарушы органдарға 782 бұзушылықты жою туралы нұсқау берілді, оның нәтижесінде 524 қоқыс үйіндісі жойылды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс