22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБылтыр мешіттерде бекітілген 52 тақырып бойынша 117 739 рет жұма уағызы айтылып, 1 803 053 адам қамтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ел мешіттерінде 282 504 бесін уағызы, 301 844 кешкі уағыз айтылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген 30 қазақ тілді және 12 орыс тілді республикалық ақпараттық-насихат топ мүшелері өңірлерде жоспарға сай 335 кездесу өткізіп, оған 156 309 адам қатысты. Одан бөлек жоспардан тыс 61 кездесу өткізіп, оған 55 642 адам қамтылды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен РАНТ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында Астана қаласында семинар ұйымдастырылды. Сондай-ақ өңірлердегі жергілікті ақпараттық-насихат тобының 411 имамы 11 247 кездесу өткізді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстаздарының қатысуымен 105 бейнеуағыз әзірленіп, әлеуметтік желілерге жарияланды. Бүгінгі таңда оның жалпы қаралымы 2 миллионнан асты, - деді ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы.
Сондай-ақ жыл басында Астанада «Қазақстан қоғамында уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында І республикалық уағызшылар форумы ұйымдастырылып, «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» ережесі бекітілді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев