Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі Ауғанстан, Әзербайжан, Үндістан, Ирак, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия мен Түрікменстанның дипломатиялық миссияларымен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне орай салтанатты мерекелеуге қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Наурыз мейрамы ұрпақтарды біріктіретін бай мәдени мұраның мерекесі екенін және БҰҰ-ның бейбітшілік, адам құқығы және ынтымақ сияқты негізгі құндылықтарын толық білдіретінін атап өтті.
Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин қонақтар алдында сөз сөйлеп, Наурыз мейрамының қазақстандықтар үшін маңызына тоқталып, оның елімізде атап өтілу ерекшеліктері мен тарихы туралы баяндады.
Іс-шара қонақтарына әртүрлі елдердегі Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлер мен ерекшеліктері туралы бейнероликтер көрсетіліп, мерекелік дастарханды безендіретін ұлттық тағамдар мен тәттілерден дәм тату ұсынылды.
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік