Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркке ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынас орнатуға және ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның негізгі конвенциялары мен хаттамаларының бәрін ратификациялады және ұлттық деңгейде адам құқықтары саласында өзара белсенді іс-әрекет механизмдері жасалды.
Өз кезегінде Фолькер Тюрк қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты және осы жылдарда адам құқықтары мәселесі бойынша ұйымның Қазақстан билігімен арадағы қалыптасқан қарым-қатынасына оң баға берді.
Сондай-ақ Жоғарғы комиссар Президенттің бастамасымен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің уақтылы қолға алынғанын атап өтті.
Мен соңғы жылдары сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларды бақыладым. Біз үшін азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі реформалардың ажырамас бөлігі болғаны өте маңызды. Өйткені елдің болашағы осыған байланысты. Әрбір елдің келешегі Біріккен Ұлттар Ұйымы мен бүкіл әлем сүйенетін іргелі қағидаттарға негізделуге тиіс деп ойлаймыз. Биыл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 75 жыл толады. Біз бұл атаулы датаны әлемде қалыптасқан қайшылықтарды еңсеру мүмкіндігі ретінде қарастырғымыз келеді, – деді Фолькер Тюрк.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары