Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының базасында БҰҰ бітімгерлік миссияларына жіберу үшін әскери бақылаушылар мен штаб офицерлері лауазымдарына тағайындалатын кандидаттардың кезекті жиындары өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оған Қазақстан Қарулы күштерінің әртүрлі бөлімшелерінен 17 әскери қызметші қатысуда. Оның екеуі әйел әскери қызметші.
БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысу үшін офицерлер қатаң талаптар бойынша таңдалады. Іріктеу барысында әскери дағдылар ғана емес, сонымен қатар моральдық-психологиялық тұрақтылық, дене дайындығы мен шет тілдерін білуіне баса назар аударылады, - делінген мәліметте.
Бір апта ішінде үміткерлер медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден өтеді. Дене шынықтыру нормативтерін тапсырып, механикалық қорабы бар көлікті жүргізу дағдылары мен ағылшын тілін меңгеру деңгейін көрсетеді.
Жиын аяқталғаннан кейін іріктеуден өткен кандидаттар одан әрі БҰҰ бітімгерлік миссияларына жіберілетін офицерлер резервіне алынады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар