20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТарихта алғаш рет жазғы Олимпиаданың ашылу салтанатында да әлем спортшыларының шеруі стадионда емес, Парижді қақ жарып өтетін Сена өзенінде өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әр ұлттық құрама жеке қайыққа мініп, өзен бойымен шеру жасайды. Көрермендер спортшыларды жақыннан көруі үшін қайықтар камералармен жабдықталады. 10 500 спортшы шығыстан батысқа қарай жүріп, Париждің орталығын кесіп өтеді. Алты шақырымға созылатын шеру Трокадеро алдында аяқталады. Онда ашылу рәсімінің соңғы элементтері мен мерекелік шоулар өтеді. Өзеннің екі жағасына да трибуналар орнатылған.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Жалпы, 93 жолдама бар. Олимпиаданың ашылу салтанаты 27 шілдеге жоспарланған. Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын "Хабар", Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly телеарналарынан көруге болады. Тікелей трансляция 26 шілдеде Қазақстан уақытымен 22:15-те басталады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?