Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық судья Ибрагим Әлкенов бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке 20 миллион теңгеге төлем шотын қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мен сот орындаушысына қоңырау шалып, бұл карта маған тиесілі екенін және үй-ішімді асырайтын жалғыз табыс көзі екенін айттым. Мынадан кейін үйге азық-түлік сатып алу мүмкін болмай отыр. Бұл судьяның тапсырмасы. Міне, біздің елде осындай судьялар бар. Казинода біреуге ақша жетіспейді, ал біреу үйіне азық-түлік сатып ала алмайды, – деп жазады Олжас Әбішев.
Сондай-ақ, ол көршілерін мақтап, осындай сәтте қасиетті Рамазан айында отбасын ауызашарға шақырғанын айтты.
Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Кейін Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып, орындалмаған жұмыстың құны 4,5 млн доллар немесе 1,5 миллиард теңге деп танылған еді.
2022 жылдың 28 қазанында сот шешімімен Елжан Біртанов 5 жылға, Олжас Әбішев 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді..
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары