18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қандай айып тағылғанын түсіндірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Агенттің ресми өкілі Арман Тілеукенов брифингте коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет етіп, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасауды қолданғанын мәлімдеді.
Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есеге өсті. Бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкелді. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынған, - деді ол.
Еске салайық, 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижесі бойынша Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Қожағапановты ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстаған еді.
Күдікті Алматы қаласы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр