Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыӘзербайжанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұрынғы қызметкері түзету мекемесінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Шеки қаласындағы Әділет министрлігіне қарасты аралас режимдегі пенитенциарлық мекемеде тіркелді. Қайтыс болған азамат – Барда ауданында туған, 38 жастағы Рауф Абыш оглу Мустафаев. Ол осы мекемеде жазасын өтеп жатқан болатын.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұм анемия (қаназдық) дертімен ауырған.
Рауф Мустафаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің №18 аумақтық жұмыспен қамту орталығының бас бухгалтері қызметін атқарған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы (қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану) және 179.3.2-бабы (ірі көлемде ақша жымқыру немесе ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Тергеу барысында оның электронды жүйеге жалған мәлімет енгізіп, 90 000 манат көлеміндегі қаржыны заңсыз иемденгені анықталған.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?