18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа үкім шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.
"Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы үкімімен М.Бектановқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 12 жыл мерзімге жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді сот.
Сот істің "Құпия" қаралғанын айтып, нақтырақ ақпарат бермеді.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 9 қаңтары күні Мұрат Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алған-ды.
2022 жылғы 19 ақпанда ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр