23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы өңірлік гарнизонының аудандық пайдалану бөлімінде Қарулы Күштер Әскери инфрақұрылым бас басқармасының өкілдері бұрынғы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кезекті кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қорғаныс ведомствосының бастамасымен 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістердің арқасында еңбек өтілі 10 жылдан асқан, дегенмен 20 жылға жетпеген бұрынғы әскери қызметшілер жабық әскери қалашықтардағы қызметтік тұрғын үй алаңын қалдық құны бойынша жекешелендіру құқығын пайдалану арқылы басқа пәтерге айырбастай алады.
Кездесу барысында жабық әскери қалашықтардағы тұрғын үйлерді жекешелендіруге жататын пәтерлерге айырбастау мүмкіндігі туралы түсініктемелер мен мәліметтер де берілді.
Алматыда тұрғын үйге сұраныстың артуын ескере отырып, Әскери инфрақұрылым бас басқармасы пәтер үлгісіндегі екі жатақхананың мәртебесін өзгертті. Тиісті қайта жоспарлау және жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін 16 бір бөлмелі және 15 екі бөлмелі пәтер қоныстануға дайын. Осы үйлерден барлығы 160 пәтерді жекешелендіруге беру жоспарланып отыр.
Бұл бағыттағы жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Қазір Алматыда, Ақтауда, Ақтөбеде, Жезқазғанда, Таразда және Абайда пәтерлер алмасуға ұсынылуда. Айырбастау қоры туралы толық ақпарат Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік