Қазіргі қоғам уақытты сағатпен, күнтізбемен, секундпен өлшейді. Ал бұрынғы қазақ даласында өмір сүрген жұрт уақытты темір сағатсыз-ақ дәл бағдарлай алған. Олар уақытты табиғат құбылыстарына, күн мен айдың қозғалысына, жұлдыздарға, маусым ауысуына, тіпті төрт түлік малдың мінез-құлқына қарап анықтаған.
Тарихшы Жамбыл Артықбаев уақыт туралы түсінік тек қазаққа ғана тән емес екенін айтады.
Уақыт және кеңістік – жалпы адам тіршілігіне қажетті екі ұғым. Бұл түсініктер тым ерте заманнан бері бар. Біз де сол бұрынғы халықтардан еншіге алдық. Сондықтан уақытты тек қазақтікі деп бөле жарып айтуға болмайды, – дейді.
Дегенмен, қазақ қоғамында уақытты қабылдау өзгеше қалыптасты. Оның басты себебі – көшпелі өмір салты.
Қазақ тіршілігінде уақытты қабылдау сәл-пәл өзгеше. Өйткені біздің өмір салтымыз көшпелі, негізінен мал шаруашылығына байланысты болды, – дейді тарихшы.
Қазақ халқы тәулікті табиғат құбылыстары арқылы таныған. Күннің шығуы мен батуы – уақыттың негізгі межесі болды. Таңның атуы өмірдің басталуын білдірсе, күннің батуы тіршіліктің аяқталуын меңзеген.
Сондықтан қазақ тілінде таң атты, күн батты, ақшам болды, қас қарая секілді сөздер кең таралған.
Тәуліктің кезеңдері өте дәл бөлінген:
Бұл атаулар уақытты ғана емес, табиғаттың өзгерісін де білдірген.
Бұрынғы қазақтар уақытты тұрмысқа қарай өлшеген. Мысалы:
Жамбыл Артықбаев бұл туралы былай дейді:
Біздің шешелеріміз уақытты бие сауым деп есептейтін. Бие сауым деген – шамамен бір сағаттай уақыт, – деді.
Көшпелі өмірде қыс қатты бола ма, көктем ерте келе ме, жұт бола ма – осының бәрін алдын ала болжау аса маңызды еді. Себебі мал амандығы соған байланысты болды.
Тарихшы қазақ қоғамында арнайы есепшілер болғанын айтады:
Есепшілер өте маңызды, абыройлы болған. Олар бір циклдің, екі циклдің заңдылықтарын біледі. Соған қарап биыл қыс қатты болады деп болжайды, – дейді.
Қазақтар әсіресе жылқының мінезіне қарап қыстың қандай боларын болжаған. Тәжірибелі малшылар жылқының мазасыздануы, тебінге ерте ұмтылуы немесе қоңының өзгеруі арқылы алдағы қыстың қатты болатынын аңғарған.
Қазақ дүниетанымында уақыт пен қашықтық бір-бірінен ажыратылмаған. Бір жерге жету мерзімі де уақытпен өлшенген.
Сондықтан халық арасында:
Тарихшы қазақтың кеңдік түсінігі де дала өмірімен байланысты болғанын жеткізді.
Даламыздың жерінің кеңдігіне байланысты біздің түсінігіміз де кең болды. Шетсіз-шексіз далада өмір сүрген халық көп нәрсеге кешіріммен қарайды, – деді.
Қазіргі өмір салты өзгерді. Мал шаруашылығынан алыстаған сайын қазақы уақыт өлшемдері де қолданыстан шығып барады.
Қазір жылқыны сиырдан айыра алмайтын адамдар бар. Ондай қоғамда бие сауым уақытын неге қолданбайсың деп айта алмайсың. Сондықтан бұл түсініктер археологизм болып бара жатыр, – деді Жамбыл Артықбаев.
Бұрынғы қазақтар уақытты сағатсыз-ақ дәл білген. Олар табиғатпен үндес өмір сүріп, күнге, жұлдызға, маусымға, үй жануарының мінезіне қарап тіршілігін реттеген. Бұл – қазақ халқының терең танымы мен өмір тәжірибесінің айғағы. Сағат болмағанымен, қазақ уақыттан жаңылмаған.