23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСиноптиктер 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК ұсынған болжамға сәйкес, республиканың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қазақстанның оңтүстік-батысында, қиыр шығысында және оңтүстігінде синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжады, – деп дейді синоптиктер.
Республикада желдің күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталықта шаңды дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атырауда, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-батысында аптап ыстық болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +23+25°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күннің соңында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 3-8, найзағайдың екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады