6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБурабай ауданының тұрғыны алтын сататын дүкеннің екі сатушысан қымбат бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицяға екі кәсіпкерден арыз түскен. Айтуларынша, сатып алушылардың бірі келгеннен кейін алтын бұйымдары жоғалған. Келтірілген шығын сомасы - 596 мың теңге.
Сатып алушы кейпіндегі әйел кәсіпкерлерге көптеген сұрақтар қойып, әшекейлердің әртүрлі нұсқаларын көрсетуді сұраған. Ал клиент кеткеннен кейін дүкен иелері зергерлік бұйымдардың жоғалғанын анықтаған.
Күдіктінің жеке басын анықтау үшін полицейлер қарыз беретін қаржы ұйымдарын тексеруді бастаған. Ұрланған алтын бұйымдар Ақмола облысының орталығы мен Щучинск қаласының ломбардтарынан табылған. Күдікті әйел алтын әшекейлерді ломбардқа тапсырып үлгерген.
Ақмола облыстық Полиция департаментіндегілер Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаын хабарлады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі