Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБурабайдағы Rixos қонақ үйінің 17 қызметкері тамақтан уланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Rixos қонақ үйінің 17 қызметкері ауруханаға денсаулығының нашарлауы бойынша арызданған. Дәрігерлердің олардың барлығына "тамақтан улану" диагнозын қойды. Ал, тоғыз адам Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды.
Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасованың айтуынша, Rixos қонақ үйінің қызметкерлері арасында 17 улану оқиғасы тіркелген.
Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды, жағдайлары қанағаттанарлық7 Бурабай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қонақ үйге жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Қонақ үй персоналы, оның ішінде ас блогы тексерілді. Тамақ өнімдерінің сынамалары, шайындылар, тамақ суының сынамалары алынды. Енді, зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін, уланудың себептері айтылады. Алынған сынамалардың барлығына зерттеулер жүргізіліп жатыр, - деді С.Сәдуақасова.
Көкшетау көпсалалы қалалық ауруханасының директоры Сәкен Қалымжановтың хабарлауынша, ауруханаға уланған тоғыз адам келіп түскен. Олардың барлығы-18-20 жас аралығындағы жастар.
Айта кетейік, уланғандар ішінде хостелде жатқан студенттер де бар.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары